15
March
2023
Қазақ сахнасының саңлағы
Оян ауылындағы МДШО бар орта мектеп кітапханасында нурыз айының 15 күні Қазақ КСР халық әртісі, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, театр және кино әртісі Бикен Римованың 100 жылдығына арналған «Қазақ сахнасының саңлағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты-оқырмандарды Бикен Римованың өмірімен және шығармашылығымен таныстыру
Кітап көрмесіне әртіс Бикен Римованың фото суреттері, «Алматы облыстық Бикен Римова атындағы драма театр», суреті, мерзімді басылымдардың беттерінде сипатталған әртістің өмірі, оның шығармашылығы қойылды.