16
May
2023
« Жемқорлыққа жол жоқ!»
Оян ауылындағы МДШО бар орта мектеп кітапханасында 15 мамыр күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған « Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты: Жемқорлықтың пайда болу себептерін және қоғамға келтіретін зиянды жақтарын түсіндіру арқылы сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарасты қалыптастыру. Ар-намыс пен адалдықтың, беделдің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңыздылығын сезіну.
Көрмеге Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейі, сыбайлас жемқорлықтың салдары, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің түрлі салаларына тигізетін кері әсері туралы айтылған ҚР заңы және басылым беттеріңдегі материалдар және әдебиеттер қойылды.