Оқулықтардын дұрыс сақталуына рейд.
2024 жылдың 14-18 қазан күндер аралығында мектеп кітапханашысы Б.Отарбаева және кітапхана белсенділері, мектеп оқулықтарын сақтау бойынша рейд өткізді.Рейдтің мақсаты: Сыныптардың оқулықтарын тексеру. Тексеру барлық сыныптарда жүргізілді 1-11 сынып. Сабақта оқулықтардың болуы, мұқабаның болуы, сондай-ақ оқулықтардың сыртқы түрі тексерілді. Тексеру нәтижесінде келесі қорытындылар жасалды: оқушылардың көпшілігі оқулықтарды жақсы жағдайда ұстайды, оларды мектеп кестесіне сәйкес әкеледі. Мұқабасы жоқ оқулықтары бар немесе ұсақ жөндеуді қажет ететін оқушылармен (желімдеу, мұқабаны ауыстыру, өшіргішпен белгілерді өшіру) "мектеп оқулығына ұқыпты қарау туралы"әңгіме жүргізілді. Рейд барысында оқушыларға мектеп кітапханасынан оқулықтарды пайдаланудың негізгі ережелері және оқулықтардың бүлінуі мен жоғалуы үшін жауапкершілік туралы тағы да еске салынды.