07
февраль
2025
«Поэзия алыбы – Мұқағали»
Жетісу облысы Қаратал ауданы Оян ауылындағы МДШО бар орта мектеп кітапханасында 7 ақпан күні Мұқағали Мақатаевтың тұған күніне орай «Поэзия алыбы – Мұқағали» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: оқырмандарды Мұқағали Мақатаевтың өмірімен, өнерімен таныстыру. Мұқағали Мақатаев сияқты бір-ақ рет өмірге келетін ұлы адамды, оның өнерін сүюге, құрметтеуге үйрету.
Көрмеге Мұқағали Мақатаевтың шығармалары, өлеңдер жинағы мен аудармалары, мерзімді басылым материалдары қойылды
«Поэзия алыбы – Мұқағали» атты кітап көрмесіне шолу өткізіп, ақынның өлеңдері мен прозалық шығармалары насихатталды. 
