09
April
2025
«Бір ел – бір кітап» көрме
Жетісу облысы Қаратал ауданы Оян ауылындағы МДШО бар орта мектеп кітапханасында 9 сәуір күні «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында таңдалынып алынған ақын, жазушылардың шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, ақын, жазушылардың шығармаларын насихаттау. Биылғы жылдың таңдауы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері әдебиеттанушы Тәкен Әлімқұлов пен ұлы ақын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнің авторларының бірі Жұмекен Нәжімеденовтың шығармалары қойылып, оқырмандарға таныстырылды.



