29
January
2025
Кәсіптік бағдар
Оян ауылындағы МДШО бар орта мектебі 2025 жылдың 29 қаңтар күні 9-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру бойынша "Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Үштөбе қаласының гуманитарлық колледжі" МКҚК мамандарымен кездесу ұйымдастырылды. Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, өзін-өзі тану аймағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар алу: қазіргі заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп сол бағытқа бағыттау. Мамандық таңдау-жасөспірім жастағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан біреуін таңдау міндеті тұрады . Мамандық таңдауда Жүсіпбек Аймауытовтың «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе»-деген сөзін басшылыққа алу керек екендігін туралы айтылды.





