22
July
2025
«Айту би» кесенесіне саяхат жасау
Жетісу облысы Қаратал ауданы Оян ауылындағы МДШО бар орта мектебінің жаз мезгіліндегі бос уақыттарын тиімді пайдалану бойынша оқушылардың саяхаттары. Экскурсия бригадасы оқушылары 22.07.2025ж күні 1. Тарихи таным қалыптастыру:
– Айту бидің өмірі мен елге сіңірген еңбегімен танысу,
– Қазақтың би-шешендер дәстүрін дәріптеу.
2. Рухани-мәдени тәрбие:
– Ұлттың тарихи тұлғасына деген құрметті арттыру,
– Отансүйгіштік сезімді ояту.
3. Танымдық және тәрбиелік бағыт:
– Оқушылардың тарихи ескерткіштерге деген қызығушылығын арттыру,
– Қазақ халқының мәдени мұраларын сақтау мен қадірлеуге тәрбиелеу.
4. Жергілікті өлкетануды дамыту:
– Өз өлкесінің тарихын білуге, зерттеуге қызығушылық ояту мақсатында ауылымыздың қасындағы Айту би кесенесіне саяхат жасады.
