02
September
2025
Білім күніне орай "Мектебім-мейірім мекенім!"
Жетісу облысы Қаратал ауданы Оян ауылындағы МДШО бар орта мектебінде 2025 жылдың 2 қыркүйек күні Білім күніне орай "Мектебім-мейірім мекенім!" тақырыбында салтанатты жиын өтті.
Мақсаты: Отанды сүюге, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Салтанатты жиынға мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған 1 сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Амирова Назым Талгатбековна ортаға шақырылды. Мектеп директоры Сейдаханова Айгул Жумакановна оқушылар мен ата-аналарды және ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. 1-сыныпқа келіп отырған бүлдіршіндердің алғашқы жыр шумақтары тыңдалып, алғашқы қоңырау соғылды.


