Activity » Страница 18 » Оян негізгі мектебі
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Оян ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72834)5-10-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
Дебат
27
August
2024
Дебат
Оян ауылындағы МДШО бар орта мектебінде ағымдағы жылдың 27 тамыз күні мектебімізде "Жасанды интеллект дос па, дұшпан ба?" тақырыбында дебат ойындары өтті. Оқушылар өз ойларын озық жеткізіп, ортаға салды.
«Қош бол, қызықты Балдәурен лагері»
31
July
2024
«Қош бол, қызықты Балдәурен лагері»
Оян ауылындағы МДШО бар орта мектебінде 31.07 күні  «Қош бол, қызықты Балдәурен лагері» соңғы күні  өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың  лагерден алған әсерлерін әңгімелей  білуге, ой-өрісін  кеңейтуге,  бастан  өткен  қызықты  айта  білуге  үйрету. Оқушының өмірге деген көз қарасын  дамыту. Шешендік, тапқырлық өнерін байқау. Мәдениеттілікке, парасаттылыққа, әсемділікке, үлкенді сыйлап, кішіні құрметтеуге тәрбиелеу.
Жазға лагерь
30
July
2024
Жазға лагерь
Оян ауылындағы МДШО бар орта мектебінде 29.07 күні «Табиғат сұлулығы" тақырыбында іс-шара өтілді.  Мақсаты: Табиғат біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз, тіршілік көзіміз екенін, оларды қорғау, аялау, ардақтау біздің міндетіміз екенін түсіндіру. 
"Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубы
15
November
2023
"Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубы
Жетісу облысы Қаратал ауданы 15 қараша күні Қаратал аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубтарының байқауы өтілді.  Оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа  қарсы мінез - құлықты, адамгершілік- этикалық құндылық негіздерін қалыптастыру, білім алушылардың саяси - құқықтық білімін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылып Оян орта мектебінің "Шаңырақ" командасы ІІІ орын иеленді.   
«Ұлттық теңге – тәуелсіз Қазақстанның айшығы»
13
November
2023
«Ұлттық теңге – тәуелсіз Қазақстанның айшығы»
 «Ұлттық теңге – тәуелсіз Қазақстанның айшығы» Мақсаты: Оқушыларды тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі -төл теңгеміздіңшығу тарихы, айналымға ену кезі туралы  мағлұматтар беру. Оқушылардың бойына елімізге деген ыстық сүйіспеншілікті, мақтанышты сіңірту.Оқушыларды экономикалық жағдайымызға бейжай қараMayтындай тұлға етіп тәрбиелеу мақсатында өтілді.
"Мектептегі өрт қауіпсіздігі"
08
November
2023
"Мектептегі өрт қауіпсіздігі"
Оян ауылындағы МДШО бар орта мектебінде балаларға өрт қауіпсіздігі ережесін жетік білудің маңызын ұғындыру, өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтау арқасында түрлі жазатайым апаттың алдын алуға болатыны туралы түсінік беру мақсатында "Мектептегі өрт қауіпсіздігі" тақырыбында нұсқаулық     Мектептегі өрт қауіпсіздігі ережелерінің жалпы ережелері
"Жүрек жылуы"
03
November
2023
"Жүрек жылуы"
Оян ауылындағы МДШО бар орта мектебінде бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы - отбасы.   Сондықтан ата - ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау,   өзін-өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу,  ата-аналарға баларына рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі   жайлы түсіндіру мақсатында 1 сынып оқушыларының  ата-аналарына "Жүрек жылуы" тақырыбында  жиналысы өттілді.
Ата-аналар жиналысы
03
November
2023
Ата-аналар жиналысы
Оян ауылындағы орта мектепте 11 сынып ата-аналар арасында Ата-аналар жиналысы өтті. Тақырыбы Мектеп, ата -ана, бала арасындағы  байланыс. Мақсаты: ата -ананың балаға деген жауапкершілік сезімін калыптастырып, ата -аналардың мектеппен  тұрақты қарым-қатынасын калыптастыру.
Ата-аналар жиналысы
03
November
2023
Ата-аналар жиналысы
 Оян ауылындағы орта мектепте 9 сынып ата-аналар арасында Ата-аналар жиналысы өтті. Тақырыбы: Бала тәрбиесіндегі ата - ананың рөлі (тренинг-ойын) Мақсаты: Қазіргі заманның ағымына байланысты отбасы құндылықтарын қалыптастыру. Міндеттері:   Ата-аналардың жанұядағы бала тәрбиесіне жауапкершілігін арттыру;    Баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.   Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.    Баланың отбасына  деген махаббатын ояту.
«Тоғыз құмалақ-DAY»
02
November
2023
«Тоғыз құмалақ-DAY»
Оян ауылындағы орта мектепте 1-11 сынып оқушыларының арасында ұлттық мектеп лигасы аясында «Тоғыз құмалақ-DAY» өтті. Мақсаты спортқа деген оқушылардың қызығушылығын арттыру, салауатты өмірді ұстану, өз елінің патриоты болуға тәрбилеу. Ұлттық әдеп құрыптарымызды дәріптеу.