27
August
2024
«БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» БАҒДАРЛАМАСЫ: ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ЕНГІЗУ АЛГОРИТМІ
2024 жылдың 27 тамыз күні Жетісу облысы Қаратал ауданы Оян ауылындағы МДШО бар орта мектебінде 1-11 сынып жетекшілерімен отырыс өткізілді. Сынып жетекшілер отырысында 2024-2025 оқу жылына арналған «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» БАҒДАРЛАМАСЫ: ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ЕНГІЗУ АЛГОРИТМІ мен қауіпсіздік сабақтары кіріктірілгені туралы таныстырылып , тағы басқа сұрақтар қарастырылды .
Мақсаты: Қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм,
парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.
Міндеттері: * Білім беру ұйымдарындағы 2024-2025 оқу жылында жүзеге асырылатын тәрбие жұмысының беталысын түсіндіру; * Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын құндылықтар негізінде ұйымдастырудың ерекшіліктерін нақтылау; * Тәрбие құндылықтарын пәндік білім мазмұнына кіріктірудің мазмұнын түсіндіру; * Сыныптан тыс әлеуметтік тәжірибелер арқылы құндылықтарды дарытудың әдіс-тәсілдерін меңгерту. Күтілетін нәтижелер: * Мемлекеттік білім беру саясатына сәйкес 2024-2025 оқу жылында жүзеге асырылатын тәрбие жұмысының беталысын бағдарлайды; * Тәрбие жұмысын құндылықтар негізінде ұйымдастырудың ерекшіліктерін айқындап, тәрбие жұмысының жылдық жоспарын әзірлейді; * Тәрбие құндылықтарын пәндік білім мазмұнына кіріктірудің маңызын бағалайды; * Тәрбие құндықтарына сәйкес әлеуметтік тәжірибелерді таңдайды және оны жүзеге асыруды жоспарлайды.