«Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл»
Жетісу облысы Қаратал ауданы Оян ауылындағы МДШО бар орта мектеп кітапханасында 2024 жылдың 15 қараша күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: оқырмандарға Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармаларын таныстыру, кітаптарын насихаттау. Бейімбет Майлин 1894 жылдың 15 қарашасында Торғай облысының Дамбар болысында туған. Бейімбет Майлин бірнеше әңгімелердің, повестердің, поэмалардың, фельетондар мен очерктертердің, 25 пьесаның, либретто мен сценарийлердің авторы.
Б.Майлин шығармашылық жолын өмір жайлы, әділетсіздік пен еңбекші халықтың ауыр жағдайы бейнеленген поэзиялық еңбектерін жазумен бастағандығы туралы айтылып,көрмеге шолу жасалып, жазушының отбасы, өмірі жайлы бейнебаян көрсетілді. 

