13
июнь
2025
"Ертегілер елінде"
Жетісу облысы Қаратал ауданы Оян ауылындағы МДШО бар орта мектеп жанындағы тамақтандырылмайтын «Балдәурен» лагерінің 13.06.2025жыл күнгі "Ертегілер елінде" тақырыбында кітап оқу іс-шарасы өткізілді. Бұл шара жазғы лагерьге келуші балалар арасында өткізілді. Мақсаты: Балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін кеңейту және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Қатысушылар ертегілер әлеміне саяхат жасап, қазақ және әлем әдебиетіндегі түрлі ертегілермен танысты. Олар өз таңдаулары бойынша ертегілер оқып, кейіпкерлерді сипаттап, мазмұнын әңгімелеп берді. Іс-шара балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін оятып, достық пен ынтымақтастықты нығайта түсті.



