«Тәуелсіздік тұғырым»
Жетісу облысы Қаратал ауданы Оян ауылындағы МДШО бар орта мектебінде «Тәуелсіздік тұғырым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқырмандарға Тәуелсіздік - Желтоқсанның жемісі, Тәуелсіздік жолындағы күрестерді ғасырлар қойнауына жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір белгісі екендігін түсіндіру.
Көрме Қазақстан тарихында халқымыздың ұлттық сана-сезімінің қалыптасуындағы, оның қазіргі әлемдегі өз рөлі, тәуелсіздік пен мемлекетіміздің егемендікке қол жеткізгендегі маңызды кезеңдері туралы ақпарат берілді. Көрмеде Тәуелсіздік тарихы және 1986 жылы 16 желтоқсан оқиғасына түрткі болған себептер мен демократия жолында құрбан болған ұл-қыздардың ерліктері жайында материалдар ұсынылды. 

