08
январь
2026
«Заң және тәртіп» идеологиясы
Жетісу облысы, Қаратал ауданы Оян ауылындағы МДШО бар орта мектебінде құқықтық білім беру айлығының ашылуы 08 қаңтар күні біріңғай қауіпсіздік сабақтары«Заң және тәртіп» идеологиясы тақырыбында өтілді.
Құқықтық білім беру айлығы – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заң талаптарын құрметтеуге және қоғамда қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды іс-шара. Айлық аясында өткізілетін біріңғай қауіпсіздік сабақтарының негізгі мақсаты –
заң мен тәртіптің қоғам өміріндегі рөлін түсіндіру;
жеке және қоғамдық қауіпсіздікті сақтау дағдыларын қалыптастыру; құқық бұзушылықтың алдын алу;
білім алушылардың өз құқықтары мен міндеттерін білуіне ықпал ету. «Заң және тәртіп» идеологиясы – әрбір азаматтың заңды сақтауын, жауапкершілікті сезінуін және құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейін қалыптастыруды көздейді. Заңды білу және оны орындау – қауіпсіз қоғамның кепілі.
Құқықтық білім беру айлығы аясындағы іс-шаралар жастарды саналы, тәртіпті және белсенді азамат болуға тәрбиелеуге бағытталады.


