24
декабрь
2025
«Қауіпсіздік-әр баланың қорғаны»
Жетісу облысы Қаратал ауданы Оян ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталағы бар орта мектебінде оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, күнделікті өмірде кездесетін қауіп-қатерлердің алдын алу және балаларды жауапкершілікке тәрбиелеу мақсатында Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Қауіпсіздік-әр баланың қорғаны» тақырыбында кеңейтілген түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға 1–11 сынып оқушылары қатысып, олардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамытуға бағытталған түрлі ақпараттар мен практикалық нұсқаулықтар ұсынылды. Сынып сағаттары барысында оқушыларға отбасы мен мектепте, көшеде және қоғамдық орындарда сақталуға тиісті қауіпсіздік ережелері жан-жақты түсіндірілді. Балаларға бейтаныс адамдармен сөйлесу кезіндегі сақтық шаралары, үй жағдайларында туындауы мүмкін қауіпті жағдайларда дұрыс әрекет ету, жол қауіпсіздігін сақтау, интернет пен әлеуметтік желілердегі қауіпті байланыстардан қорғану жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, буллинг пен кибербуллингтің зардаптары және олардан сақтану тәсілдері қарастырылды.



