30
декабрь
2024
«Үнемі оқитын адам-табысты адам»
Жетісу облысы Қаратал ауданы Оян ауылындағы МДШО бар орта мектеп кітапханасында 30 желтоқсан күні «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Үнемі оқитын адам-табысты адам» тақырыбында оқырмандармен кездесу ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқырмандарды кітапханаға тарту, кітапқа деген құрмет, сүйіспеншіліктерін қалыптастыру, дамыту. Кітап арқылы оқырмандардың жандүниесін кеңейту. Кездесуде оқырмандар өздері оқыған ертегі кітаптарымен таныстырып,оның ішінде қандай ертегі оқыды, сол ертегіні ортаға салып талқылап өз ойларымен бөлісті. 
