«Біз тамаша кітаптар әлемінің есігін айқара ашамыз!"
Жетісу облысы Қаратал ауданы Оян ауылындағы МДШО бар орта мектебінде 2025 жылдың 10 қаңтар күні мектеп кітапханасы 1-сынып оқушыларына «Біз тамаша кітаптар әлемінің есігін айқара ашамыз!" атты саяхат ұйымдастырылды. Мақсаты: 1-сынып оқушыларын кітапхана өмірімен таныстыру. Білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру. Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, оны күтіп ұстауға үйрету. 1- сынып оқушылары кітапханаға саяхат жасап, оқырманымыз ретінде қабылданды. Жас оқырмандар кітапхана ережесімен, кітапты күтіп ұстаудың жолдарымен таныс болды. Өздерінің сүйікті кейіпкерлері жайлы қызықты кітаптар мен балаларға арналған ертегілер топтамаларын қызыға тамашалады. Оқушылар кітапхананың оқырманы болып тіркеліп, өздеріне ұнаған ертегілерді оқуға алды.


