24
апрель
2025
«Ұлылардың ұлысы – Абай»
Жетісу облысы Қаратал ауданы Оян ауылындағы МДШО бар орта мектеп кітапханасында 24 сәуір күні қазақтың ұлттық философиясының негізін салушы кемеңгер ойшыл, композитор, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы классигі Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай «Ұлылардың ұлысы – Абай» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты Абайдың дүниетанымын және оның рухани мұрасын оқырмандарға насихаттау.
Абай халқымыздың мақтанышы ғана емес, біздің ұлттық ұранымыз, ұлттық идеологиямыз. Ақынның қай шығармасын алсаң да тұнып тұрған өсиет, тұнып тұрған тәрбие, тәлім. Көрмеге Абайдың «Қара сөздері», Абай Құнанбаевтың «Хикмет кітәбі», М.Әуезовтың «Абай жолы», «Қалың елім қазағым», атты кітаптары оқырмандарға таныстырылды.

