15
май
2025
«Кітап рухани байлық»
Жетісу облысы Қаратал ауданы Оян ауылындағы МДШО бар орта мектебінің кітапханашысы 15 мамыр күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітап рухани байлық» операциясың ұйымдастырып өткізді. Мақсаты: Оқулықпен, көркем әдебиеттердің мұқабаларының, беттерінің жарамсыз болып қалғандарын ауыстыру, қалпына келтіру.Оқушылар оқулықтың беттеріндегі барлық белгілерді, жазбаларды өшіріп, оқулықтың бүлінген, жыртылған беттерін ретке келтірді. Кітапхана белсенділері кітапханадағы әдеби кітаптардын, ескірген, тозығы жеткен кітаптарды, ұсақ жөндеу жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға жұмыс барысы өте ұнады. Өз қызығушылықтарын танытып, кітапты ұқыпты ұстауға деген жауапкершіліктері артты. Оқулықтармен көркем әдебиеттер, түгелдей ретке келтірілді. 



