«Менің Отаным – менің Қазақстаным»
Жетісу облысы Қаратал ауданы Оян ауылындағы МДШО бар орта мектебінде Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығына орай «Менің Отаным – менің Қазақстаным» атты кітап көрмесі және танымдық сағат ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Республика күні мерекесінің маңызын түсіндіру, ел тарихына деген қызығушылығын арттыру және отансүйгіштікке тәрбиелеу. Кітап көрмесінде Қазақстан Республикасының тарихы, мемлекеттік рәміздері, тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері мен ел дамуы туралы әдебиеттер қойылды.
Танымдық сағат барысында оқушыларға Республика күні туралы мәлімет беріліп, еліміздің егемендікке қол жеткізу жолы түсіндірілді. Сондай-ақ, оқушылар «Отан», «Қазақстан», «Тәуелсіздік» тақырыптарында өлеңдер оқып, викториналық сұрақтарға жауап берді.
Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Кітап көрмесі мен танымдық сағат оқушылардың патриоттық рухын көтеріп, туған елге деген сүйіспеншіліктерін арттырды.
