Оян ауылындағы МДШО бар орта мектебінде 2021 жылға Қазақстан Республткасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы» атты іс-шаралардың ақпараты
Оян ауылындағы МДШО бар орта мектебінде 2021 жылға Қазақстан Республткасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы» аттиы іс-шаралар жоспары құрылып өтілуде.
Мақсаты: Тәуелсіздіктің 30 - жылдық мерекесіне орай мерекелік шара ұйымдастыру арқылы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының маңызы жайлы, аталарымыз аңсаған тәуелсіздігіміздің мазмұнының тереңдігінен сыр шерту;
- Білім алушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін, өнерін дамыту;
- Өз елінің тарихын білуге, отанын сүюге, ұлтаралық достыққа, ерлікке баулу, патриоттық тәрбие беру.
Міндеті: теңдесі жоқ Тәуелсіздігіміздің қадірін кейінгі ұрпағымыздың бойларына сіңіріп, оларды ел тарихы мен тілін құрметтейтін, ұлт тағдырына жанашыр, отансүйгіш азамат ретінде тәрбиелеу.
2021 жылы 19 қаңтар күні Қазақ тарих пәнінің мұғалімі Даирбекова Ш.Г. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіз елім- кең байтақ жерім» атты тарихи сағат өткізді. Аталған іс-шараның мақсаты – білім алушы жастарға еліміздің өз тәуелсіздігін алу жолы мен осы егемендік туы астында жеткен келелі жетістіктермен таныстыру, алдағы уақытқа қойылып отырған мақсаттар мен міндеттер жайлы ақпарат бере отырып, жеткіншектерді отанын сүюге тәрбиелеу болып табылады.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1049254765596764&id=100015367507434
27 қаңтар күні дене шынықтыру пәнінң мұғалімдері «Тәуелсіз елдің баласымыз» атты спорттық іс- шаралар оқушылардың салауатты өмір салтын нығайту, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында өтілді.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1054560648399509&id=100015367507434
17 ақпан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған күніне арналған «Ел аңсаған Тәуелсіздік» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Балалардың комуниктивті тіл құзреттілігін арттыру. Тілге деген құрмет көрсету. Оқушылардың бойына патриоттық сезім қалыптастыру. Өз Отанына мақтаныш сезімге тәрбиелеу, қазақ ақындарының шығармаларына деген қызығушылығын арттыру мақсатында өтілді.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1106507889871451&id=100015367507434
10 наурыз күні 1-11 сыныптарда «Тәуелсіздік жолында» тақырыбында оқушылардың ел тарихын, салт - дәстүрді қаншалықты білетіндіктерін тексеру, оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын дамыту, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету,сөйлеу тілін, ой жүйелеу шеберлігін дамыту, ұйымшылдыққа, адамгершілікке, жауапкершілікке, ел тарихы
мен мәдениетін,салт-дәстүрін ұмытпай, қадірлеуге тәрбиелеу мақсатында тәрбие сағаттары өтті.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1106507803204793&id=100015367507434
16 наурыз күні «Туған өлке- тұнған шежіре» тақырыбында 5-11 сынып оқышыларына онлайн саяхат оқушыларға Өз туған жерімдегі тарихи тұлғаларды, ескерткіштерді көкірегінде саңылауы, көзінде сәулесі бар әрбір зерделі азаматқа ғана емес, бүкіл қауымға жеткізу, әрбір ұрпақ өзінің өткен тарихын білу керектігін көрсету, түсіндіру мақсатында өтілді.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1106508853204688&id=100015367507434