17
июнь
2025
«Өндірісте бір күн» жобасы аясында
Ел басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланды, осыған орай Оян ауылындағы МДШО бар орта мектебінің 2025 жылғы жазғы каникул кезеңінде балаларды сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі іс-шара жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың маусым айында оқушылармен «Еңбек әлеміне эксурсиялар» және «Өндірісте бір күн» жобасы аясында Жаңаталап ауылында орналасқан денсаулық сақтау бөліміне саяхат жасады. Аурухана амбулаториялық-емханалық, оның ішінде консультациялық-диагностикалық, стационарлық, стационарды алмастыратын, жедел медициналық көмек, қалпына келтіру емі және медициналық оңалту қызметтерін көрсетеді. Экскурсия соңында оқушылар алған әсерлерімен бөлісіп, бұл саяхаттың өте пайдалы және қызықты болғанын атап өтті.



