«Кім жүйрік»
Оян ауылындағы МДШО бар орта мектебінде 2024-2025 оқу жылында оқушылардың жаз мезгіліндегі демалыстарын тиімді пайдалану бойынша оқушыларды спроттық үйірмеге тарту.
«Спорт – баршаның ісі» атты үйірмесінде 25.06 күні «Кім жүйрік» тақырыбында эстафеталық ойын ұйымдастырылды. Мақсаты эстафеталық ойын түрлерін үйрет, оқушылардың қимыл-іс әрекеттерімен дағдыларын жетілдіру,ойын арқылы бала организімін шынықтыру, оқушыларды салауатты өмір салтына бейімдеу, эстетикалық және этикалық тәрбиеге үйрету, шапшаң қимылдауды, жарыса жүгіруді дамыту. Лагерь оқушылары топпен эстафеталық жүгіру, 60 метрге жүгіру, топпен жарысу, арқан тартыс ойындары бойынша сайысқа түсті. Жеңімпаздар І орын, ІІ орын, ІІІ орын дипломдармен, «Үздік топ басшы», «Шапшаң бала», «Жүйрік бала» номинациялары бойынша марапатталды.

