«Кім жылдам» футбол ойыны ұйымдастырылды.
Оян ауылындағы МДШО бар орта мектебінде 2024-2025 оқу жылында оқушылардың жаз мезгіліндегі демалыстарын тиімді пайдалану бойынша оқушыларды спроттық үйірмеге тарту.
«Спорт – баршаның ісі» атты үйірмесінде 26.06 күні «Кім жылдам» футбол ойыны ұйымдастырылды. Оқушыларға футбол ойынының мақсаты екі команданың арасындағы бәсекелесте екеуінің де мақсаты бір ғана – жеңіс. Жеңіске деген ұмтылыс футболшыларды коллективтік әрекетке, өзара көмекке, достық және жолдастық сезімді тәрбиелейді. Футбол ойыны кезінде әрбір ойыншы өзінін жеке іс – қабілетін көрсете білуге, мүмкіндік ала отырып, сонымен бірге жеке ұмтылысты жалпы командалық мақсатқа жетуді талап етеді. Футболдан оқу жаттығу және жарыстар жыл бойы өтетін болғандықтан, климаттық және метрологиялық жағдайлардың жиі өзгеріп отыруы, дененің шынығуына ағзаның қарсы тұруын көтеріп және бейімделу мүмкіншілігін кеңейтуге септігін тигізетінін түсіндіру.\
