29
июль
2025
Талдықорған қаласының көрікті жерлерін саяхаттау
Жетісу облысы Қаратал ауданы Оян ауылындағы МДШО бар орта мектебі жанындағы "Туған өлкем" атты экскурсия бригадасы оқушылары 29.07.2025ж күні 1. Туған өлкені танып-білу:
– Талдықорған қаласының тарихи, мәдени, әлеуметтік маңызын түсіндіру.
– Қаланың көрікті жерлерімен, ескерткіштерімен, саябақтарымен таныстыру.
2. Патриоттық тәрбие:
– Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.
– Жергілікті тарихи және мәдени құндылықтарды қадірлеуге үйрету.
3. Танымдық көкжиекті кеңейту:
– Қаланың сәулеті, инфрақұрылымы, даму тарихы туралы мәлімет беру.
– Өңірдің ерекшеліктерін зерттеуге ынталандыру.
4. Эстетикалық тәрбие:
– Қала келбетінің сұлулығын сезініп, әсемдікке баулу.
– Қоғамдық ортада мәдениетті жүріс-тұрыс қалыптастыру.
5. Экскурсиялық мәдениетті дамыту:
– Саяхат кезінде тәртіп сақтау, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру мақсатында Талдықорған қаласының көрікті жерлеріне саяхат жасады.

