«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы бойынша мақала » Оян негізгі мектебі
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Оян ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72834)5-10-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы бойынша мақала
29
июль
2025

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы бойынша мақала

Оян ауылындағы МДШО бар орта мектебі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы бойынша мақала

Балаларға үміт сыйлаған игі бастама

Жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы биыл да Оян ауылындағы МДШО бр орта мектебінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл акцияның басты мақсаты — әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көп балалы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету, олардың мектепке дайындығына жәрдемдесу.

    Акция шеңберінде мектеп жанынан арнайы мектепішілік штаб құрылып, жоспарлы түрде үйлесімді жұмыстар жүргізілді. Мұқтаж оқушылардың дерекқоры жаңартылып, ата-аналармен және жергілікті демеушілермен тығыз байланыс орнатылды.

     Жомарт жүректі азаматтар мен меценаттардың арқасында   оқушыға мектепке қажетті киім-кешек, сөмке, кеңсе тауарлары табысталды. Әлеуметтік қолдауды қажет ететін әрбір бала назардан тыс қалмады.

Салтанатты іс-шара барысында көмек алған балалардың жүзінен қуаныш байқалды. Мектеп әкімшілігі мен ұстаздар қауымы тарапынан демеушілерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар беріліп, олардың еңбегі ерекше атап өтілді.

Сонымен қатар, акцияның барысы ақпараттық-насихат жұмыстары арқылы кеңінен жарияланды. Мектеп сайтында, жергілікті БАҚ-та мақалалар мен фотоматериалдар жарияланып, қоғамда қайырымдылық мәдениеті насихатталды.

«Мектепке жол» — бұл тек көмек көрсету акциясы ғана емес, бұл – жүректен жүрекке жол тартқан ізгілік көпірі. Мұндай бастамалар арқылы біз балалардың болашағына сенім ұялатамыз, мейірімділік пен қамқорлыққа тәрбиелейміз.


Мақала авторы:   

Оян мектебінің әкімшілігі

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив