«Көңілді старт»
Жетісу облысы Қаратал ауданы Оян ауылындағы МДШО бар орта мектеп жанындағы тамақтандырылмайтын «Балдәурен» лагерінің 12.06.2025 жыл күнгі «Көңілді старт» эстафеталық жарысы ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларды спорттық ойындарға бейімдеу, денсаулықтарын жақсарту, қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың адамгершілік, күш, ерік-жігер қасиеттерін және психологиялық процестер мен адамдық қасиеттерді дамыту. Дене шынықтыру жаттығулармен өз бетінше шұғылдануға, этикалық және эстетикалық тәрбие беру.