Мектеп туралы мәлімет » Оян негізгі мектебі
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Оян ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72834)5-10-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектеп туралы мәлімет
09
февраль
2023

Мектеп туралы мәлімет

Мектеп туралы  мәлімет


        Оян ауылындағы бастауыш мектеп 1938 жылы салынған. 40-шы жылдары Морозов, 50-ші жылдары Мейрамов Қалық, Қалдарбек ағай, Нұршалов ағайлар мектеп басшысы болып қызмет етті. 1969 жылы жаңа мектеп ғимараты салынып, оның бірінші директоры Цой В.Г. тағайындалды. 70-ші жылдары мектеп меңгерушісі қызметін Аримов Қабдұл, Қаңтарбаева Бижамал, Рахымбаев Өмірзақ деген кісілер атқарды. 1978-92 жылдары мектеп меңгерушісі қызметін Отызбаева Дәметкен атқарды, қазіргі кезде зейнеткер, көп балалы ана. 1993-1996 жылдары мектеп меңгерушісі Отызбаева Күләйхан апай болды,ол кісі қазір зейнеткер. Бұдан кейін бұл қызметті Ахметова Қаламқас, Ахметова Қарлығаш деген жас мұғалімдер атқарды. 2003 жылы бастауыш мектеп негізінде орталау мектеп құрылып, мектеп директоры Отарбаев Б.О. тағайындалды. 2004 жылы  Аубакирова Л.Ж., 2005 жылы Ақтанбеков Е.Е.,  2011 жылы Дүкежанова Д.Қ., 2015 жылдың қазан айынан бастап Сейдаханова А.Ж мектеп директоры қызметін атқарады. 2016-2017 оқу жылында орталау мектеп негізінде орта мектеп болып ашылды.   

2013 жылдың  қазан айында 120 бала арналған   жаңа ғимарат пайдалануға берілді.                                                                                                                                          Мектеп түлектері Асықбаев Мәлік жол құрылысының бастығы, Биғожанов Темір- Талдықорған қалалық мәслихатының кеңесшісі, Жексенбаев Берік-әр-түрлі мекемелерде басшы болды, Нұрпеисова Нура –мәслихатта жұмыс істеді. Касенова Жаңыл , Ерназарова Сапура осы мектепті бітіріп, ұстаздық маманын таңдап, көп жыл қызмет еткен, қазіргі кезде зейнеткерлер.                                                                                                                     Қазіргі жағдай туралы ақпарат: шағын жинақталған мектеп –бұл ауыл мектебінің ерекше типі. Бұл мектептер мәдени орталықтардан алшақ орналысуымен, ауданда   мектептен тыс, мектепте дейінгі білім ұйымдарының жоқтығымен, параллель сыныптардың болмауымен, мұғалімнің қызметіндегі көппәнділікпен, сыныптағы бала саны аздығымен ерекшелінеді. Соған қарамастан шағын жинақталған  мектептер Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептер туралы құқықтық-нормативті құжатарында белгіленетін шараларда толық атқаруға міндетті.   Шағын ауыл мектебі болып саналатын біздің білім беру саясатымыз - үнемі алға қарай ұмтылу, дамыту үрдісін тиімді ұйымдастыра отырып, білім сапасын арттыру. 

Мектебімізде 26 мұғалім, 14 жұмысшы,   шағын орталықта 5 жұмыскер жұмыс істейді.   2020-2021 оқу жылына 106 оқушы білім алып, мектепалды даярлық тобында 8 бала және 25 бала шағын орталықта тәрбиеленуде. Мектеп ұжымы оқушыларға тәліммен тәрбиені дамыту барысында олардың жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып, алдына төмендегідей мақсат пен міндеттерді қойды:

-белсенді, адамгершілігі жоғары, денсаулығы мықты, рухани бай, мәдениетті, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру; 

-оқушылардың өздік жұмысы мен оқытушы басшылығымен атқаратын жұмысының ұтымды алмастырылуын қамтамасыз ету; 

-мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін арттыру; 

-оқытуда интербелсенді технологияларын үйреніп, қолдану.

Тәрбие мен оқытудың тиімді әдістері мен түрлерін таңдау, оларды технологиялық үрдісте дұрыс үйлестіру және ұтымды дайдалану үшін мектептегі әдістемелік жұмыстың маңызы зор. Мектепішілік оқу – тәрбие  жұмысының түйінді мәселесі: «Оқу - тәрбие үрдісінде  сапалы білім беру арқылы тұлғаның құзіреттілігін  және  функционалды сауаттылығын қалыптастыру» болып табылады.


Мектептің материалдық-техникалық базасы туралы:

Оқу кабинеттері - 11

Спорт зал – 1

Кітапхана – 1

Шеберхана – 2

Информатика кабинеті  - 1

Физика кабинеті лабороториясымен – 1

Химия кабинеті лабороториясымен – 1

Интербелсенді тақта – 2

Компьютерлер саны - 74

Медициналық кабинет – 1

Асхана – 1.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив