«Қазақ даласының ұлы тұлғалары»
Жетісу облысы Қаратал ауданы Оян ауылындағы МДШО бар орта мектеп кітапханасында 10 қаңтар күні «Қазақ даласының ұлы тұлғалары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: Жас ұрпаққа қазақ халқының тарихында өшпестей орын алған қазақ зиялылары туралы мағлұматтар беру, олардың есімдерін қастерлеп, құрметтеуге тәрбиелеу.