"Есірткісіз өмір біздің таңдауымыз"
Жетісу облысы Қаратал ауданы Оян ауылындағы МДШО бар орта мектебінде "Есірткісіз өмір біздің таңдауымыз" тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Мақсаты: Есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың, нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік беру. Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту. Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге,