09
февраль
2026
«Мұқағали Мақатаев – қазақтың лирик ақыны»
Жетісу облысы Қаратал ауданы Оян ауылындағы МДШО бар орта мектеп кітапханасында Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Мұқағали Мақатаев – қазақтың лирик ақыны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің негізгі мақсаты – мектеп оқушыларын қазақтың ұлы лирик ақыны Мұқағали Мақатаевтың мен шығармашылығымен таныстыру, поэзияға деген қызығушылықтарын арттыру, жас ұрпақты адамгершілікке, отансүйгіштікке, туған жерді сүюге тәрбиелеу




