06
май
2026
«Кіші зияткерлік академия»
Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Оян ауылындағы МДШО бар орта мектебінде «ДосболLIKE: біз бәріміз теңбіз» атты республикалық челлендж аясында өткізілетін «Кіші зияткерлік академия» тақырыбындағы іс-шараның мақсаты – оқушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту мен қатар, теңдік, достық және өзара құрмет құндылықтарын қалыптастыру. Оқушылардың логикалық ойлауын, шығармашылық және зерттеушілік дағдыларын дамыту. Барлық оқушының тең мүмкіндіктерге ие екенін түсіндіру. Инклюзивті орта қалыптастырып, бір-біріне қолдау көрсету мәдениетін тәрбиелеу. Командалық жұмыс пен қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру. Достық, сыйластық және толеранттылық құндылықтарын нығайту мақсатында ұйымдастырылды.
#ДосболLIKE:бізбәрімізтеңбіз2026
