«Бір ел – бір кітап»
Жетісу облысы Қаратал ауданы Оян ауылындағы МДШО бар орта мектеп кітапханасында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – оқушыларды ұлттық әдебиетіміздің жауһар туындысымен таныстыру, тарихи сананы қалыптастыру, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Сонымен қатар жас ұрпаққа ел тәуелсіздігі мен бірлігінің құндылығын түсіндіру көзделді Көрме жазушының «Тағдыр» романы негізінде өткізілді. «Тағдыр» – қазақ халқының тарихи кезеңдерін, ұлттың басынан өткерген күрделі тағдырын, ел мен жер үшін күресін кеңінен суреттейтін көлемді туынды. Романда ұлттық болмыс, елдік рух, тарихи шындық терең көрініс табады. Шығарма оқырманды өткен тарихпен таныстырып қана қоймай, отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелейді.

