23
апрель
2026
23 сәуір – Ұлттық кітап күні
Жетісу облысы Қаратал ауданы Оян ауылындағы МДШО бар орта мектеп кітапханасында 23 сәуір – Ұлттық кітап күні мерекесіне орай мектеп кітапханасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Бағдарлама барысында «Сұрақ-жауап» пікірталасы, «Менің сүйікті кітабым» таныстырылымы, «Мақалды жалғастыр» ойыны, «Бұл қай шығарма?» викторинасы және «Мозаика құрау» сайысы ұйымдастырылды. Оқушылар белсенді қатысып, өз білімдері мен ойларын көрсетті. 

