16
апрель
2026
«Әдебиет әлемінде»
Жетісу облысы Қаратал ауданы Оян ауылындағы МДШО бар орта мектеп кітапханасында 16 сәуір күні «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Әдебиет әлемінде» атты викториналық ойын ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылардың әдеби білімін тереңдету, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін және шешендік өнерін дамыту. Викториналық ойын барысында 7 сынып оқушылары қазақ және әлем әдебиеті бойынша түрлі сұрақтарға жауап беріп, шығармаларды тану, кейіпкерлерді анықтау, мақал-мәтелдерді жалғастыру сияқты тапсырмаларды орындады. Қатысушылар белсенділік танытып, өз білімдерін көрсете білді.

