28
апрель
2026
"Қауіпсіздік минуты"
Жетісу облысы Қаратал ауданы Оян ауылындағы МДШО бар орта мектебінде "Қауіпсіздік минуты" ата-аналарға ақпараттар беру.
Құрметті ата-аналар!
Жылы мезгілде терезелердің ашық болуы балалар үшін үлкен қауіп төндіреді. Биіктіктен құлау – ауыр жарақатқа әкелетін жағдайлардың бірі. Сондықтан төмендегі қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауыңызды сұраймыз:
Негізгі ережелер:
1. Терезені қауіпсіз ету:
Терезелерге арнайы бекіткіштер (блокираторлар) орнатыңыз
Маскит торына сенбеңіз – ол баланы ұстап тұра алмайды
Терезені толық ашпай, тек желдету режимін қолданыңыз
2. Үй ішіндегі жағдай:
Терезе алдына жиһаз (орындық, үстел, диван) қоймаңыз
Баланың терезеге өздігінен шығуына мүмкіндік бермеңіз
3. Балаға түсіндіру:
Терезеге шығудың қауіпті екенін үнемі ескертіңіз
Бақылаусыз қалдырмаңыз, әсіресе кішкентай балаларды
4. Бақылау:
Баланы үйде жалғыз қалдырғанда терезелерді жауып қойыңыз
Үнемі көзден таса қылмаңыз.
Есіңізде болсын: қауіпсіз терезе – бала өмірінің кепілі!


