02
март
2026
«Ана мен Отан-егіз ұғым» тақырыбында сынып сағаты
Жетісу облысы Қаратал ауданы Оян ауылындағы МДШО бар орта мектебінде 16 ақпан күні "Адал азамат" біртұтас бағдарламасы аясында 1-11 сыныптарда «Ана мен Отан-егіз ұғым» тақырыбында сынып сағаты өтіліп.
Оқушыларға ана мен Отанның қасиетті, қастерлі ұғымдар екенін түсіндіру, олардың адам өміріндегі маңызын ұғындыру, туған жерге, елге және анаға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін қалыптастыру. Анаға деген құрмет пен мейірімділік сезімін дамыту. Отанға деген патриоттық рухты қалыптастыру.
Туған жердің тарихын, мәдениетін қадірлеуге тәрбиелеу.
Оқушылардың ой-пікірін еркін жеткізе білу дағдыларын жетілдіру. Елжандылыққа, адамгершілікке, жауапкершілікке баулу мақсатында оқушыларды қауіп-қатер түрлерімен (жол, өрт, интернет, тұрмыстық, мектеп ішіндегі қауіпсіздік) таныстыру, өмірлік маңызды ережелерді саналы түрде орындауға үйрету, қауіп төнген жағдайда дұрыс шешім қабылдау және сабыр сақтау дағдыларын дамыту, өзін-өзі қорғау және өзгеге көмек көрсете білу мәдениетін қалыптастыру, қауіпсіз өмір салтын ұстануға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу мақсатында қауіпсіз сабақтары өтілді.





