24
апрель
2026
“Табиғат оянады – қауіп те артады” саяхат
Жетісу облысы Қаратал ауданы Оян ауылындағы МДШО бар орта мектебінің 9-11 сынып оқушылары 24 сәуір күні Қаратал аудандық төтенше жағдайлар бөлімшесіне саяхат ұйымдастырылды.
“Табиғат оянады – қауіп те артады” тақырыбындағы төтенше жағдайлар қызметкерлерімен кездесудің негізгі мақсаты – көктем мезгілінде табиғи қауіптердің (су тасқыны, сел, өрт, дауыл т.б.) күшеюіне байланысты халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және алдын алу шараларын түсіндіру.
Тұрғындарға көктемгі кезеңдегі қауіп-қатерлер туралы ақпарат беру. Төтенше жағдайлардың алдын алу жолдарын түсіндіру
Қауіп кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын үйрету
Қауіпсіздік ережелерін насихаттау
Халық пен төтенше жағдайлар қызметі арасындағы байланысты нығайту. Яғни, бұл кездесудің басты мәні – адамдарды сақтыққа шақырып, төтенше жағдайларда өз өмірі мен айналасындағылардың өмірін қорғауға дайын болуына көмектесу.


