29
апрель
2026
"Заң мен Тәртіп" идиологиясы аясында "Қоғамдық тәртіп және азаматтық белсенділік" тақырыбында диалог алаңы
Жетісу облысы Қаратал ауданы Оян ауылындағы МДШО бар орта мектебінде "Заң мен Тәртіп" идиологиясы аясында Қаратал аудандық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторы Сыдыков Назымжан Кайратович 5-11 сынып оқушыларынмен "Қоғамдық тәртіп және азаматтық белсенділік" тақырыбында диалог алаңы оқушылармен ұйымдастырылды. “Қоғамдық тәртіп және азаматтық белсенділік” тақырыбындағы диалог алаңының негізгі мақсаты – қоғамдағы тәртіпті сақтау мен азаматтардың белсенді қатысуының маңызын талқылау және түсіндіру. Мұндай алаң бірнеше бағытты қамтиды:
Біріншіден, қоғамдық тәртіптің мәнін ашу, заң мен ережелерді сақтаудың қоғам тұрақтылығы үшін қаншалықты маңызды екенін көрсету.
Екіншіден, азаматтық белсенділікті арттыру, яғни адамдарды қоғам өміріне қатысуға, өз құқықтары мен міндеттерін білуге және оларды іске асыруға ынталандыру.
Үшіншіден, мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы ашық диалогты дамыту, өзекті мәселелерді бірге талқылап, шешу жолдарын іздеу.
Төртіншіден, жастардың құқықтық сауаттылығын көтеру және оларды жауапкершілікке тәрбиелеу.
Қорытындысында, мұндай диалог алаңы қоғамдағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуға, қауіпсіз әрі тәртіпті орта қалыптастыруға бағытталған.



