04
май
2026
«Халықтың ерлігі ғасырлар бойы өмір сүреді!»
Жетісу облысы Қаратал ауданы Оян ауылындағы МДШО бар орта мектебінде 4 мамыр күні "Адал азамат" біртұтас бағдарламасы аясында 1-11 сыныптарда
«Халықтың ерлігі ғасырлар бойы өмір сүреді!» тақырыбындағы сынып сағатының негізгі мақсаты – оқушыларға халықтың батырлық тарихын таныту және сол арқылы олардың отансүйгіштік сезімін қалыптастыру.
Оқушыларға ел тарихындағы ерлік пен батырлықтың мәнін түсіндіру
Ұлттық құндылықтарды, тарихи тұлғаларды құрметтеуге тәрбиелеу
Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді дамыту
Ерлік істер арқылы адамгершілік, батылдық, жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру
Тарихи оқиғаларды мысалға ала отырып, оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру
Оқушыларға күнделікті өмірдегі қауіпсіздік ережелерін үйрету.
– Төтенше жағдайларда (өрт, жол-көлік оқиғасы, табиғи апаттар т.б.) дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.
– Өзін-өзі қорғау және айналасындағылардың қауіпсіздігін сақтау жауапкершілігін дамыту.
– Жолда, мектепте, үйде және қоғамдық орындарда тәртіп сақтау мәдениетін қалыптастыру.
– Қауіпті жағдайларды алдын ала болжай білуге және сақтық шараларын қолдануға тәрбиелеу.




