"Ұстазға алғыс"
Жетісу облысы Қаратал ауданы Оян ауылындағы МДШО бар орта мектебінде ұстаздар күніне орай "Ұстазға алғыс" атты мерекелік концерті өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – ардагер ұстаздарға құрмет көрсетіп, бүгінгі жас буынға ұстаздық жолдың қадір-қасиетін насихаттау. Мерекелік кешке ардагер ұстаздармен қатар, мектебіміздің білім саласына өз үлесін қосып жүрген ұстаздар алғыс хатпен марапатталды. Қатысушы ардагер ұстаздар да ұстаздардың қоғамдағы рөлі мен еңбегіне тоқталып, жылы лебіздерін