14
февраль
2025
"Шын жүректен кітап сыйла"
Жетісу облысы Қаратал ауданы Оян ауылындағы МДШО бар орта мектеп кітапханасында 14 ақпан күні "Балалар кітапханасы"жобасы аясында "Шын жүректен кітап сыйла"тақырыбында челлендж ұйымдастырылды.
Мақсаты: Мектептегі ұстаздар мен білім алушыларды мектеп кітапханасына кітап сыйға беруге жұмылдыру арқылы кітапхана өмірін жандандыруға күш салу, әр адам өз оқыған кітаптарын сыйға беру арқылы ой бөлісу. Іс-шара барысында ұстаздар мен оқушылар кітапханаға кітап сыйлап, кітапхана қоры жаңа басылымдармен толықтырылды.



