Оян ауылындағы МДШО бар орта мектебінде 2021 жылдың 6 мамыр күні Ұлы Отан соғысының 76 жыл толуына орай ұйымдастырылған «9 мамыр-Жеңіс күні» атты іс-шаралар
Балаларға адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу мақсатында Оян ауылындағы МДШО бар орта мектебінде 6 мамыр күні 1-11 сынып оқушыларына Ұлы Отан соғысының 76 жыл толуына орай «9 мамыр Жеңіс күні» тақырыбында зум палтформасы арқылы жиын өтті.
9-11 сыныптар арасында «Жеңіс бағы» атты акция бойынша оқушылар арасында тал отырғызды. Иә, «Атадан мал қалғанша, тал қалсын...» бұл бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті. Халықтың денсаулығы мен ұрпақ болашағына оң әсерін тигізіп, туған ауылының көркеюіне үлес қосып, қалыс қалмау- әрбір азаматтың борышы.
Елбасы мақаласының мағынасын түсіндіру. Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру мақсатында
6 сыныпен «Сөнбесін,ана шырағың» атты тақырыпта соғыс кезіндегі әйелдердің ролі өте жоғары болды.«Соғыстың алғашқы күндерінен бастап мыңдаған қыздар өз еріктерімен қан майданға аттанды. Олардың қатарында жерлестеріміз де ер азаматтармен иық тіресе санитарлық, авиациялық полктерде, зениттік әскерлер мен байланыс бөлімшелерінде соғысқа қатысты. Тылдағы әйелдер майданға аттанған азаматтардың орнын басып, ауыр өнеркәсіп пен шаруашылықтың барлық салаларында жанкештілікпен еңбек етіп, майданды қажетті жабдықтармен қамтамасыз етуде өз үлестерін қосты.
Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу мақсатында 7 сынып арасында «Мәскеу түбіндегі шайқас» атты тақырыпта шығарма байқауы өтті.Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына бірнеше жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Осыған байланысты оқушылар өз ойларын шығарма түрінде жазды.
Балаларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу.Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты елжанды-ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу. «Ерлікке тағзым», «Біздің есімізде» 1-11 сыныптар арасында тәрбие сағатты өткізілді.Бүгінгі ұрпақ – өзіміздің бейбіт өмірімізде, алаңсыз күлкімізде, тыныш ұйқымызда, тербелген тал бесіктің қуанышында Отанды қорғаған аталарымыз бен әжелеріміздің мәңгілік үлесі тұрғанын ұмытпай, аталарымыздың ұрпаққа аманат етіп қалдырған Ұлы Жеңісін қадірлей білейік.
1-11 сынып оқушылар арасында «Туған жер - алтын бесігім!» атты әскери патриоттық әндер байқауында оқушыларға туған жерін елін сүиюге деген оқушылардың құштарлығын ояту. Ата –ана мен еліне деген қамқорлыққа тәрбиелеу мақсатында туған елге тағзым ету парызым, Туған жерге қызмет ету қарызым, - демекші -«туған ел» ұғымы адам жанына жылылық ұялататын өте ыстық ұғым. Қай кезеңде болмасын алыста жүрсе елін, туған жерін сағынбаған жан болмаған. Туған елге деген сүйіспеншілігін музыканттар көркем музыкамен, суретшілер әсем бояумен, ал ақындар еліне, жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілігін, махаббатын жыр жолдарымен, өлеңімен өрнектеген.
5-11 сынып оқушылары «Үлкенге құрмет-кішіге ізет» демекші «Ұлы жеңіске мың тағзым» атты көмек көрсету акциясында оқушылар мен сынып жетекшілер бірге тыл еңбекшілері мен еңбек ардагерлерінің үйіне көмек көрсету мақсатымен барды. Оқушылар ардагерлердің үйінің ауласын қоқыстан тазартып көмек берді..
2-8 сынып оқушылар арасында «Ешкім де,ешнәрсе де ұмыт болмайды» атты сурет байқауының мақсаты Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.










