08
июль
2025
«Ертегілер елінде»
Оян ауылындағы МДШО бар орта мектеп жанындағы тамақтандырырылмайтын «Балдәурен» лагерінің 08.07.2025 жылы «Ертегілер елінде» атты тақырыпта кітапхана саяхат ұйымдастырылып өткізілгендігі туралы ақпарат
08 шілде күні «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес «Ертегілер елінде» тақырыбында кітапханаға саяхат ұйымдастырылды. Мақсаты: Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу. Кітапхана саяхат жасау барысында оқушылар өздерінің сүйікті кейіпкерлері жайлы қызықты кітаптар мен балаларға арналған журналдар топтамаларын қызыға тамашалап, өздері білетін ертегілерін баяндап ойларымен бөлісті.

