12
декабрь
2025
«16-желтоқсан — Тәуелсіздік күні»
Жетісу облысы Қаратал ауданы Оян ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебінде 12 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «16-желтоқсан - Тәуелсіздік күні» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты - оқушыларға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік тарихын таныстыру, жас ұрпақ бойында Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, патриоттық рухта тәрбиелеу, сондай-ақ тарихи-танымдық әдебиеттерді оқуға қызығушылығын арттыру.