КІТАПХАНА » Страница 2 » Оян негізгі мектебі
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Оян ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72834)5-10-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Ертегілер еліне саяхат»
10
октябрь
2025
«Ертегілер еліне саяхат»
 Жетісу облысы Қаратал ауданы Оян ауылындағы МДШО бар орта мектебінің кітапханасында 10 қазан күні «Балалар кітапханасы» жобасы аясында  балаларға ертегілер әлемін таныстыру, әдеби кейіпкерлермен жақынырақ танысу, олардың ойлау, есте сақтау, шығармашылық қабылеттерін дамыту, сонымен қатар бірлесіп жұмыс істеуге дағдыландыру және кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру мақсатында  «Ертегілер еліне саяхат» атты іс-шара ұйымдастырылды.
"Таза кітап"
26
сентябрь
2025
"Таза кітап"
Жетісу облысы Қаратал ауданы Оян ауылындағы МДШО бар орта мектептің  кітапханашысы «Таза кітап» атты оқулықтарды тексеру рейдін өткізізді. Мақсаты: Оқулықтардың сақталу жағдайын тексеру                                                           
"Ана тілім-ардағым"
08
сентябрь
2025
"Ана тілім-ардағым"
Жетісу облысы Қаратал ауданы Оян ауылындағы МДШО бар орта мектебінде Тілдер күніне орай мектеп кітапханашысы Б.З.Отарбаева "Ана тілім-ардағым" атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрменің мақсаты-мемлекеттік тілді қастерлеу, оның мәні мен маңызын жас ұрпаққа жеткізу, ана тілінің асыл қазыналарын дәріптеу.
Оқулықпен қамту
27
август
2025
Оқулықпен қамту
Жетісу облысы Қаратал ауданы Оян ауылындағы МДШО бар орта мектебінің кітапханашысы 2025–2026 оқу жылына арналған оқулықтарды тарату  жұмыстарын, жоспарға сай жүзеге асырды.  1–11 сынып оқушылары оқулықпен қамтамасыз етілді.
«Кітап рухани байлық»
15
май
2025
«Кітап рухани байлық»
Жетісу облысы Қаратал ауданы Оян ауылындағы МДШО бар орта мектебінің  кітапханашысы  15   мамыр  күні  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітап рухани байлық» операциясың ұйымдастырып  өткізді.  Мақсаты: Оқулықпен, көркем әдебиеттердің мұқабаларының, беттерінің жарамсыз болып қалғандарын ауыстыру, қалпына келтіру.Оқушылар оқулықтың беттеріндегі барлық белгілерді, жазбаларды өшіріп, оқулықтың бүлінген, жыртылған беттерін ретке келтірді. Кітапхана белсенділері  кітапханадағы әдеби кітаптардын,
"Ұлы Жеңістің естелігі"
06
май
2025
"Ұлы Жеңістің естелігі"
Жетісу облысы Қаратал ауданы Оян ауылындағы МДШО бар орта мектебінде Ұлы Жеңіске 80 жыл толуына орай кітапханамызда "Ұлы Жеңістің естелігі" тақырыбында оқушыларға конференция ұйымдастырылды. Оқушыларға адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
«Ұлылардың ұлысы – Абай»
24
апрель
2025
«Ұлылардың ұлысы – Абай»
Жетісу облысы Қаратал ауданы Оян ауылындағы МДШО бар орта мектеп кітапханасында 24 сәуір күні қазақтың ұлттық философиясының негізін салушы кемеңгер ойшыл, композитор, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы классигі Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай «Ұлылардың ұлысы – Абай» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты Абайдың дүниетанымын және оның рухани мұрасын оқырмандарға насихаттау.  Абай халқымыздың мақтанышы ғана емес, біздің ұлттық ұранымыз, ұлттық идеологиямыз.
"23 сәуір-Ұлттық кітап күніне" орай «Кітапханаға саяхат»
23
апрель
2025
"23 сәуір-Ұлттық кітап күніне" орай «Кітапханаға саяхат»
Жетісу облысы Қаратал ауданы Оян ауылындағы МДШО бар орта мектебінің  кітапханашысы Б.З.Отарбаева "23 сәуір-Ұлттық кітап күніне" орай Кітапханаға саяхат ұйымдастырды. Мақсаты: оқушылардың кітап оқуға құштарлығын арттырып, кітапты құрметтеуге, бос уақытын кітап оқуға арнауға баулу. Шара аясында 4-сынып оқушылары көрмелермен танысып, түрлі тапқырлық ойындар ойнап, сұрақ-жауап аясында өткен қызықты іс-шараға қатысып, рухани құндылықтарды жиып қайтты.
«Бір ел – бір кітап» көрме
09
апрель
2025
«Бір ел – бір кітап» көрме
Жетісу облысы Қаратал ауданы Оян ауылындағы МДШО бар орта мектеп кітапханасында 9 сәуір күні «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында таңдалынып алынған ақын, жазушылардың шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, ақын, жазушылардың шығармаларын насихаттау.  Биылғы жылдың таңдауы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері  әдебиеттанушы Тәкен Әлімқұлов пен ұлы ақын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнің
"Әдебиет әлемінде көктем самалы"
31
март
2025
"Әдебиет әлемінде көктем самалы"
 Жетісу облысы Қаратал ауданы Оян ауылындағы МДШО бар орта мектеп кітапханасының оқырмандары «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында "Әдебиет әлемінде көктем самалы" тақырыбында көктемгі демалыстарын пайдалы өткізу арқылы жақсы көңіл күймен кітап оқып, демалыстарын қызықты өткізуде.