«Шын жүректен кітап сыйла» челлендж
Жетісу облысы Қаратал ауданы Оян ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп кітапханасында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында 14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Шын жүректен кітап сыйла» атты челлендж ұйымдастырылды. Челлендждің мақсаты – оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және рухани құндылықтарды насихаттау. Челлендж барысында оқушылар, ұстаздар мектеп кітапханасына өздері сүйіп оқыған кітаптарын сыйға