«Ұлттық мәдениет және салт-дәстүр»
Жетісу облысы Қаратал ауданы Оян ауылындағы МДШО бар орта мектебінің кітапханасында Наурыз мейрамы қарсаңында «Ұлттық мәдениет және салт-дәстүр» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – оқушыларға Наурыз мейрамы туралы түсінік беру, қазақ халқының салт-дәстүрін, ұлттық дүниетанымын насихаттау. Сонымен қатар ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар мен ұлттық ойындарды таныстыра отырып, жас ұрпақтың бойына халқымыздың